Қылмыстық іс тоқтатылды

Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен сотталушы С-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарынан анықталғандай, сотталушы С. алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен, өзінің мүмкіндігі болмаса да, жәбірленуші З-ның баласын Орал қаласына жұмысқа орналастыруға уәде беріп, одан 35 000 теңге көлемінде қаражат алып, кейін оқиға орнынан бой тасалап кетіп қалған. Сот отырысында сотталушы С. өзінің кінәсін толық мойындап, қазіргі уақытта жәбірленушімен өзара татуласқанын көрсетіп, істі медиация тәртібімен аяқтауға өтініш білдіретінін айтты. Сотта жәбірленуші З. сотталушымен татуласқанын растады. Сот қаулысымен сотталушы С. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігі негізінде тараптардың медиация тәртібімен татуласуларына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, қылмыстық іс сот өндірісінен қысқартылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521