Махамбет селосы, Абай көшесі 10. +7 (71236) 2-11-34 zhayk-shugylasy@mail.ru

Кененің кеселінен сақ болыңыз!

Конго-Қырым қанды қызбасы – латын тілінен аударғанда «геморрагия» қансырау деген мағынаны білдіреді. Қазақстанда бұл геморрагиялық қызба «көкала» деген атпен 1948 жылдан бері белгілі. Негізгі қоздырғышты тасымалдаушы, вирусты сақтаушы – иксодты кенелер.

Бұл зақымдалған кенелер шаққан кезде науқастың қаны мен қанды шығындылары арқылы құрамында вирус бар материал теріге және сілемейлі қабықтарға түскен кезде малды қырыққанда және оларды кенелерден қолмен тазартқан кезде, науқастарды күткенде және оларға медициналық көмек көрсету кезінде жұғады.

Инкубациялық кезең екі аптаға созылады. Конго-Қырым қанды қызбасының негізгі белгілеріне теріге қан құйылу, қызыл иек, мұрын, құлақ, жатыр, асқазан-ішек қан кетулері тән және дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеген жағдайда науқастың өміріне қауіп төндіреді.

Кене шаққан әрбір адам тұрғылықты жері бойынша емдеу мекемесіне тез арада қаралып, 14 күн ішінде диспансерлік бақылауда болуы қажет. Медициналық бақылау Конго-Қырым қанды қызбасымен науқастарды ерте анықтау және жұқпаның одан әрі таралуын болдырмау мақсатында жүргізіледі.

Конго-Қырым қанды қызбасының алдын алудың негізгі шараларының бірі адамдардың кене шағудан сақтануы болып табылады. Кенелер адам мен малдарға ерте көктем және жазда шабуыл жасайды. Ауылшаруашылық малдарын қырқу барысында кенелерді үстінен жинағанда далалық жерлерде, саяжайда жүргенде кене шағуы мүмкін. Олардың үлкен қауіптілігі сонда, олар теріге байқатпай, яғни ауыртпай жабысады. Өзінің физиологиялық ерекшеліктеріне қарай кене теріге жабысқан соң бірден қан сормайды, сондықтан кенені уақыт өткізбей байқап, алып тастаған жағдайда кенедегі инфекция қоздырғышымен зақымдану қаупі төмендейді. Кенені алу үшін емдеу-алдын алу мекемелеріне (жарақат бекеті) тез арада қаралған жөн.

Кенелерді жалаң қолмен алып тастауға және жаншуға тыйым салынады.

Денеге қадалған кенені пинцетпен немесе жіппен алып тастайды. Кенені теріге жақын тұмсығынан ұстап, маятник тәрізді ырғақты қозғалыспен ақырын денеден шығарып алу керек. Бұл қолғаптар кию арқылы жүргізілуі тиіс. Кене шаққан жерді йодпен өңдеп, қолды сабындап жуу қажет.

Көбінесе кене шаққан адамдар осы жәндіктерді өз бетімен алып, емдеу-алдын алу мекемелеріне медициналық көмекке жүгінбейді.

Өз бетімен емделу бұл өмір үшін қауіпті.

Егер де сізді кене шағып, жағдайыңыз нашарланғанын сезінсеңіз, дереу дәрігерге қаралыңыз.

Адамдар кене шағудан сақтанудың келесі ережелерін білуі тиіс.

Атап айтсақ, кененің денесіне өтуіне мүмкіндік бермейтін киім кию;

киімге жабысқан кенелерді анықтау үшін бірін-бірі әрбір 10-15 минут сайын үнемі қарап отыруы;

кенелердің жанасуын болдырмау үшін тікелей шөпке отырмау және жатпау;

табиғат аясынан оралғаннан кейін киімді және денені толықтай қарап шығу;

кенелер болуы мүмкін екенін ескере отырып, тұрғын жай және өндірістік бөлмелерге жаңадан жұлынған шөптерді,  бұтақтарды және сырт киімдерді әкелмеу;

кенелерге қарсы арнайы дәрі-дәрмектерді пайдалану қажет.

Осы қауіпсіздік ережелерін орындай отырып, Конго-Қырым қанды қызбасын жұқтырудан сақтануыңызға болатынын ұмытпағаныңыз абзал.

Г.ӘЖДЕНҒАЛИЕВА,

аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекші маманы.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?