Сақтанбасаң, саулығыңды құртады

Аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары туберкулез айлығының аясында «Өзіңді туберкулезден қорға!» атты семинар кеңесін өткізді.

Орталық ауруханада өткен семинарға медициналық емдеу, алдын алу мекемелерінің басшылары, орынбасарлары, фтизиатрлар, бөлімше меңгерушілері, эпидемиологтар және жауапты мамандар қатысты.

Семинар барысында аурухананың фтизиатр-дәрігері Қарлығаш Есқалиева БЦЖ вакцинациясы, туберкулездің алдын алу, жыл сайынғы профилактикалық тексерулерден өту маңыздылығы және орталық ауруханада жаңадан іске қосылған туберкулез таяқшаларын екі сағатта анықтайтын G-Expert құрылғысы туралы айтып, қатысушыларға жадынамалар мен брошюралар таратты.

Б.САПАРОВА.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521