Махамбет селосы, Абай көшесі 10. +7 (71236) 2-11-34 zhayk-shugylasy@mail.ru

Орманды сақтау – адамзаттың парызы

Орманның адам мен жалпы биосфера үшін маңызы зор. Орман топырақтағы ылғалды сақтай отырып, су балансын тұрақтандырады. Ылғалды жер өсімдік жамылғысы мен жан-жануарлардың көбейе түсуіне ықпал етеді.

Орманды алқаптардағы жер асты сулары өзен – көлдерді қоректендіреді. Ол сондай-ақ аң мен құстың мекені, дәрі-дәрмектік өсімдіктер мен жеміс-жидектердің панасы, қолайлы тіршілік ортасы болып табылады. Егістік алқаптарын қорғауда да рөлі зор.

Орманды жерде топырақ, су және жел эрозиясы болмайды. Ал ормансыз жерлердің топырағы кеуіп, шөлге айналады. Ағаштарды қар тоқтату үшінде отырғызады.Орманның ауаны тазартатын да қасиеті бар. Орманды жерде саяхат жасалғандағы ең қауіпті нәрсе – өрт. Өрт көбіне адамдардың жіберген ағаттығынан болады. Әсіресе, қылқан жапырақты ормандар өртін сөндіру қиынға түседі. Жыл сайын адамның ағаттығынан мыңдаған гектар ормандар, тоғайлар,өрт құшағына оранады. Дүние жүзінде болатын өрттің 97%-ы адамдардың табиғатқа селқос қарауынан болады. Кейбір тропикалық ормандардағы өрт 2-3 айға созылып,үлкен қауіп-қатер туғызады. Орман өрттері төменгі, жоғарғы және жерасты болып бөлінеді. Өз кезегінде төменгі және жоғарғы, тұрақты және тұрақсыз болады. Табиғи өрттер найзағайлардан болады. Әсіресе, жиі өрттер қолайсыз метеорологиялық жағдайларында ауаның жоғары температурасы, жаңбырдың көп уақыт болмауынан болады. Өртпен күрес бүкіл халықтың ісі болғандықтан қоршаған ортаны көздің қарашығындай сақтауға бір кісідей жұмыла атсалысайық!

А.ЖЕКСЕНБАЙ,

Махамбет орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме коммуналдық мемлекеттік мекемесінің эколог маманы.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?