Анаға тағзым етеміз

Алып та, батыр да, ақын да анадан туады. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Жауқазын» бөбекжайының «Нұржауған» тобында Жансұлу Аманғалиеваның ұйымдастыруымен «Аналар – асыл жандар» тақырыбында мерекелік шара өткізілді.

Алдымен бүлдіршіндер өз қолдарымен дайындап, әдемі тілектері жазылған ашық хаттарын аналарына табыс етті. Көңілді шара одан әрі тәрбиеленушілердің өнерлерін ортаға салумен жалғасын тапты. Қыздар тобы мың бұрала «Гүлдер» және «Матрёшка» биін билесе, ал ұлдар «әже» кейпінде өнер көрсетіп, көрермендердің қошеметіне ие болды.

Нұргүл ӘБІЛДАЕВА,

ата-ана.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521