Жеңіс туын желбіретті

Атырау қаласында 2019 жылдың 9-12 мамыр күндері футболдан 2004-2005, 2006-2008-2009 жылдары туылған жасөспірімдер арасында облыстық турнир өтті.

Реал Спорт академиясында өткен спорттық шараға «Атырау», «Реал Спорт», Құрманғазы, Мақат, Жамбыл ауылы, Атырау-1, Атырау-2 және Махамбет балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командалары қатысты. Топтық ойындардан сүрінбей өткен 2004-2005 жылы туылған жасөспірімдерден құралған футболшыларымыз финалдық бәсекеде Реал спорт академиясы командасын ұтып, екінші мәрте «Жеңіс кубогын» ұтып алды. Е.Ағелеуов орта мектебінің оқушысы Н.Оңайшиев «Үздік қақпашы» атанды. Ал, 2008-2009 жылы туылған балғын футболшыларымыз финалда «Атырау» командасынан басым түсіп, ІІІ орынды иеленді. Олардың арасында «Үздік ойыншы» номинациясымен О.Шонаев атындағы орта мектептің оқушысы О.Мейрамұлы марапатталды. Командаларды жарысқа дайындаған жаттықтырушылары: А.Алдешов және Ә.Идрисов.

Б.Сапарова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521