ads_hero

Қазақстан құрамасы каратэден 4 медаль жеңіп алды

Мәскеуде каратэден Karate 1 Премьер-лига жарысы аяқталды. Қазақстандық каратэшілер бір күміс және үш қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz.

"Финалдық кезеңде қазақстандық Ермек Айназаров бес дүркін әлем чемпионы, әлем рейтингінде үшінші орында тұрған әзірбайжандық Рафаэль Агаевпен кездесті. Өкінішке қарай, отандасымыз Ермек қарсыласына 1:0 есебімен есе жіберіп, жарыстың күміс жүлдесіне ие болды. 60 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін қос қазақстандық спортшы бірге шықты", - делінген таратылған ақпаратта.

Дархан Асаділов пен Дәулет Шымырбеков арасындағы кездесу Дәулеттің еншісіне шешілді. Сондай-ақ, 67 келіге дейінгі салмақта Дидар Әмірали грузиялық қарсыласын 8:0 есебімен жеңіп, қолаға қол жеткізді. Әйелдер құрамасынан 68 келiден жоғары салмақта сынға түскен Софья Берульцева түркиялық Хокалгу Мелтемді 7:4 есебімен жеңіп, ел қоржынына үшінші қола жүлдені салды.

Olympic.kz

Сурет: ашық дереккөз

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Cүйеуова Баян- бас редактор

Cүйеуова Баян
- "Жайық Шұғыласы" газетінің бас редакторы

Сапарова Балнұр

Сапарова Балнұр - бас редактордың орынбасары -жауапты хатшы

Сатаева Айнұр-ІІ снатты маман

Сатаева Айнұр
- ІІ санатты маман

Майбасова Кенжегүл-сайтқа жауапты редактор

Майбасова Кенжегүл
- сайтқа жауапты редактор

Қисина Гулфара-бет құрушы

Қисина Гулфара
- бет құрушы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

ads_hero