Қазақ балуаны екі дүркін Олимпиада чемпионын жеңді

Елордада өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында 77 келідегі Асхат Ділмұхамедов 2 дүркін олимпиада, 2 дүркін әлем, 4 дүркін Еуропа чемпионы ресейлік Роман Власовты күтпеген жерден жеңіп кетті.

Қорытынды есеп - 3:0. Айта кетейік, Қазақстан астанасында өтіп жатқан әлем чемпионатына 60-тан астам Олимпиада чемпиондары келді. Чемпионатта 1002 балуан бақ сынап жатыр. Олар 104 елдің намысын қорғайды. Әлем біріншілігі туралы ақпарат таратуға 250-ден астам журналист тіркелді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін елордада өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатын қазақстандық балуандар жеңіспен бастады.

BAQ.kz 

Сурет: дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521