Облыстан жүлделі орындарды иемденді

Атырауда өткен пауэрлифтинг және армрестлингтен облыстық чемпионатына Махамбет ауданы атынан "Ер жүректілер" спорт клубының спортшылары қатысып, жүлделі орындарды иемденді.

2020 жылдың 3-4 ақпан күндері Атыраудағы Балықшы спорт кешенінде өткен тірек-қимыл аппараты зақымдалған және көру мүшесі зақымдалған мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында пауэрлифтинг және армрестлингтен облыстық чемпионатына Махамбет ауданы атынан "Ер жүректілер" спорт клубының спортшылары қатысып, жүлделі орындарды иемденді.

Атап айтсақ, Тимур Тайшұнақов зағиптар арасында қол күресі мен зіл темір көтеруден I орынды жеңіп алды. Сонымен қатар қыздар арасында қол күресінен ТҚАЗ жандардан Вера Арыкова жүлделі I орынға ие болып, көпті қуантты.

Жастар арасында Адлет Кубайдуллин қол күресінен I орынды иемденсе, сондай-ақ ол үлкендер арасындағы қол күресінен және зіл темір көтеруден III орынды қанжығасына байлады. Жастар арасында Диас Жолшиев қол күресінен IIІ орынға, ерлер арасындағы Бақытжан Бақтығали есту аппараты зақымдалған жандар қол күресінен I орын, қыздар арасында Жания Шауменова жүлделі III орын алғанын айта кеткен жөн.

Есбол ауылынан Өмір Айдар жастар арасында қол күресінен II орынға ие болса, қыздардан зағиптар арасында қол күресінен Гаухар Шагирова Гаухар I орын алды. Сонымен қатар ТҚАЗ жандар арасында қыздардан қол күресінен Әсемгүл Габдуллина II орынға ие болса, ерлерден оң қолда Қуангереев Мұхадия III орынды, коляскада отыратын жандар арасында жастардан Ақжол Кенжеғали жүлделі II орынды иемденді. Ал Нұрбек Кубайдуллин зіл темір көтеруден III орын алса, қол күресінен IІ орынды жеңіп алды.

Жаттықтырушысы Мұхадия Қуангереев.

А.Арманова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521