Махамбеттік Мира қысқы марафонда

Атырау қаласында ICE RACE ATYRAU 2020 қысқы марафоны өтті.

Қысқы мезгілде осымен екінші жыл өтіп отырған ұзақ қашықтыққа жүгіруден сайысқа 400-ге жуық атыраулық қатысты. Қатысушылар «Ретро парк» алаңынан Орталық көпірге дейін Жайықты жағалай жүгіріп өтті.

m

Ауданымыздан қатысқан Мира Бисенбаеваның айтуынша, марафон жоғары деңгейде өтіпті. «Қысқы марафонға ауа-райының қолайсыздығы мен ауырып тұрғаныма қарамай қатыстым. Бұл менің Атырау қаласындағы қысқы жүгіруге алғаш қатысуым. Мен қысқы марафоннан бір байқағаным, қыста жүгіру оңай емес екен.

mira

Ең өкініштісі, жас марафоншылардың аз қатысуы. Әр түрлі компания қызметкерлері, олардың балалары, орта жастағылар қатысқан жарыста өз қатарластарымды көрмегеніме бір жағынан ренжідім. Бұл нені көрсетеді? Бұл біздің Атырау жастарының белсенділігінің төмендігін көрсетеді. Жалпы марафон жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Бәріне көп рахмет»,- дейді Мира.

Қазбек АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521