Головкин мен Деревянченко Нью-Йоркте ашық жаттығу өткізді

1 қазанда Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко Нью-Йоркте IBF және IBO титулдары сарапқа салынатын жекпе-жек алдында ашық жаттығу өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшылар жаттыққан ринг Madison Square Garden аренасының маңында салынған. Іс-шара фанаттар мен журналистерге ашық болды. Ашық жаттығуға қазақстандық Али Ахмедов пен өзбек боксшысы Исраил Мадримов та қатысты, олар бокс кешінің андеркартында жұдырықтасады.

Естеріңізге салсақ, Головкин - Деревянченко кездесуі Қазақстан уақытымен 6 қазанда таңда басталады. Жекпе-жекті тікелей эфирде Qazsport пен Qazaqstan телеарналары көрсетеді. Трансляцияның басталуы - елорда уақытымен 06:00-де.

Tengrinews.kz

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521