Футбол: Македониялық қорғаушы «Тобылға» келді

Қостанайлық клуб Литва құрамасының қорғаушысымен еңбек келісімін жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz, клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Витаутас өзінің мансабын 2007 жылы “Каунаста” бастады. Бұл клубтың құрамында Литва чемпионы, Кубок пен ел суперкубогының иегері атанды. 2010 жылы қорғаушы Польша чемпионатына келіп, “Легия” намысын қорғады. Гданьскіде Андрюшкявичюс үш маусым өткізіп, команданы алмастыруға шешім қабылдады. Бұдан соң ол шведтің «Юргорден» командасына ауысты.

2014 жылы ол голландиялық “Камбюр” құрамында өнер көрсете бастады. Екі жылдан соң ол солтүстікамерикалық «Портленд Тимберс» құрамына алынды.

Бұған дейін «Ди Си Юнайтед» және литвалық «Судува» клубтарында ойнады.

Андрюшкявичюс Литва ұлттық құрамасында 30 матчқа қатысты. Ол Қостанайда 2020 жылға дейін доп тебеді.

Туған жылы: 8 қазан 1990

Бойы: 188 см

Салмағы: 79 кг

Алаңдағы шебі: қорғаушы

Азаматтығы: Литва

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521