Данияр Елеусінов Нью-Йоркте ашық жаттығу өткізді

Олимпиадалық чемпион Данияр Елеусінов (7-0, 3 КО) Нью-Йоркте болатын бокс кешінің қатысушыларымен бірге ашық жаттығу өткізді.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды. 13 қыркүйек күні Hulu Theather аренасының Madison Square Garden кіші залында Елеусінов 34 жастағы жеңіліп көрмеген америкалық Решард Хикспен (12-0-1, 6 КО) кездеседі. Жартылай орта салмақ он раундқа есептелген.

Данияр мен Хикс жұдырықтасатын бокс кешінің басты жекпе-жегінде америкалық Дэвид Хэйни (22-0, 14 КО) мен ресейлік Заур Абдуллаев (11-0, 7 КО) кездесіп, жеңіл салмақта WBC «уақытша» чемпиондық титулды сарапқа салады. АҚШ-та DAZN стриминг сервисі шоуды тікелей эфирде көрсетеді.

BAQ.KZ

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521