Балғын боксшылар бәсекесі

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына байланысты Ауған соғысының ардагері, «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері, Махамбет ауданының «Құрметті азаматы» Ғабдуллин Мәлік Нағимұлының рухына арналған 2007-2008 және 2009-2010 жылдары туылған жасөспірімдер арасындағы бокстан аймақтық ашық турнир үш күнге созылды.

Турнирдің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары М.Сейтқалиев сайысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

Турнир қонақтары: Айдос Ерболсынұлы- бокстан Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін жүлдегері, Азия чемпионы WBO, GLOBAL және WBA international белдеуінің иегері. Кәсіпқой бокста 11 жекпе-жек өткізген, 8 жекпе-жекті нокаутпен жеңген.Жаңабаев Нұрсұлтан- Қазақстан Республикасының спорт шебері, WBA Intercontinental чемпионы. Кәсіпқой бокста 7 жекпе-жек өткізген, 5 жекпе-жекті нокаутпен жеңген. Турнирге Атырау, Ақтөбе, Жаңаөзен қалалары мен Исатай, Құрманғазы, Мақат, Жылыой, Индер, Махамбет аудандарынын 243 жас боксшы қатысты.

Тартысты өткен турнирде өз салмақтары бойынша 28 жұп ақтық сайысқа жолдама алды. Турнир қорытындысы бойынша, төрешілердің ортақ ұйғарымдарымен 26 кг салмақта исатайлық Н.Мәжитов, 28 кг салмақта махамбеттік Е.Жомартұлы, 30 кг салмақта ақтөбелікС.Әкімғали, 32 кг салмақта махамбеттік И.Русланов, 34 кг салмақта атыраулық Д.Қайсар, 36 кг салмақта атыраулықН.Шүйінішқали, 40 кг салмақта құрманғазылық І.Сабыр, 42 кг салмақта индерлік Ә.Бисембаев, 46 кг салмақтаатыраулық А.Қонысов, 50 кг салмақта атыраулық Ә.Темірғали жеңімпаз деп танылды. Ал, махамбеттік Б.Батырғали, А.Жаңабайұлы, С.Жолшиев, М.Ұзаққалиев, А.Қабиев, М.Айболат, И.Тәуірғалиев сияқты балғын боксшыларымыз екінші, үшінші жүлделі орындарды қанағат тұтты.

Турнир жүлдегерлері аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі атынан медальдармен марапатталды. Мәлік Габдуллин жанұясы атынан дайындалған арнайы кубоктарды Мәлік Ғабдуллиннің жұбайы Мөлдір мен баласы Бахтияр табыстады.

Марапаттау рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Сейтқалиев Мардан, Махамбет ауылдық округі әкімі Мынбаев Бәсерат, облыстық соттың бөлім басшысы Боранбай Ғалиев, Махамбет аудандық сотының судьясы Сәрсен Амантаев қатынасты.

Н.Ерғалиев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521