АСЫҚ АТУДАН Қ.ҚАЛЫБЕКОВ МЕКТЕБІ АЛҒА ШЫҚТЫ

Жақында Е.Ағелеуов атындағы орта мектебі базасында 2003-2004 жылы туылған жасөспірім ұл-қыздар арасында асық ойынынан аудандық жарыс өтті.

Жарысқа 7 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Жарыс қорытындысында асық атудан ұлдар арасында жүлделі I орынды Қ.Қалыбеков мектебі алса, II орынды Жалғансай мектебі, III орын Е.Ағелеуов орта мектебіне бұйырды.

a

Ал қыздар арасында "Бестастан" I орынды Қ.Ахмедияров мектебі, II орынды Е.Ағелеуов мектебі, жүлделі III орынды Қ.Қалыбеков мектебі иемденді.

a

Ал жалпы командалық есеппен жүлделі I орынды Қ.Қалыбеков орта мектебі, II орынды Е.Ағелеуов орта мектебі, III орынды Жалғансай мектебінің командасы жеңіс тұғырынан көрінді.

a

Барлық жарыс жеңімпаздары аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің кубок, медаль, дипломдарымен марапатталды.

К.САПАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521