Әсемгүл республикалық чемпионатқа жолдама алды

Жақында Атырау қаласында зағиптар ғимаратында көз бен тірек қимыл аппараттары зақымданған жандар арасында шахматтан облыстық чемпионат өткен болатын.

 Осы жарысқа ауданымыздан Габдуллина Әсемгүл қатысып,облыстан І орын алып, республикалық чемпионатқа жолдама алды.

Енді наурыз айының соңында Шымкент қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына барады.

asemgyl1003201

«Былтыр Әсемгүл Астана қаласында өткен чемпионатқа қатысып, спорт шеберіне үміткер атағын алып келген болатын. Енді республикалық чемпионатта жақсы нәтиже көрсетсе, спорт шебері атағын алады деген сенімдеміз»,- дейді жаттықтырушысы Мұхадия Қуангереев.

Ия,  Әсемгүл қызымызға сәттілік тілеп, жүлделі орын алуына тілектеспіз!

К.САПАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521