Жанармай бекетін тонаған екі адам қолға түсті

Атырауда жанармай бекетін тонаған екі адамды полиция ізін суытпай ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Атырау қаласында түнгі сағат 03:00-дер шамасында болған. Бетіне медициналық бетперде киген белгісіз екі адам Лесхоз шағын ауданында орналасқан жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасаған. Олар кассирді пышаққа ұқсас өткір затпен қорқытып, кассадан 268 мың теңгені алып кеткен. Алайда, олар алысқа ұзамай, полицейлердің қолына түсті.

«Күдіктілер - Лесхоз және Көкарна шағын аудандарында тұратын жастар болып шықты. Олардың бірінің жасы 23-те, екіншісі - 18-де. Ұсталғандардан ұрланған ақша алынды. Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521