ads_hero

Жаңадан салынған 60 пәтерлік үй кімдерге берілетіні белгілі болды

Ағымдағы жылдың 25, 27 қыркүйектері және 2 қазанда аудандық тұрғын үй комиссиясының отырыстары өтті.

Күн тәртібінде аудан орталығында құрылысы аяқталған 60 пәтерлік тұрғын үйді мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтар арасында тиісті санаттары бойынша Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы бойынша және «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің» 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №1420 қаулысына сай бөлінді.

Аталған заңдылықтарға сай қоммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елді мекенде тұрақты тұратын, тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына барлық қажетті құжатырымен бірге өтініш берген кезден бастап тізімдерде белгіленген кезектілік тәртібімен беріледі және тұрғын жайға мұқтаж адамдар тізімдерінің санына бара-бар бөлу әдістемесіне сай бөлінеді. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан жетім балаларға және ата анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлардың жалпы санының кемінде жиырма пайызы бөлінеді.

Осыған байланысты аудан орталығында құрылысы бітіп пайдалануға берілетін 60 пәтерлік тұрғын үйден жетім балаларға және ата анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 12 тұрғын пәтер тиесілі болды. Қалған санаттар бойынша барабар бөліске түскен Махамбет ауылында тұрақты тұратын азаматтардың саны 506. Осы 506 адам ортасында бара-бар бөлу әдісімен төмендегі санаттарға:

– Жетім балалар және ата анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға – 12 пәтер;

– Көп балалы отбасыларға -7 пәтер;

– Бюджет және мемлекеттік қызметкерлерге – 22 пәтер:

– Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына – 18 пәтер;

– Жалғыз тұрғын үйі апаттық жағдайда тұрған тұрғын үй иелеріне -1 пәтер.

sp1

 

sp2s

Кенжегул

ads_hero