Қыз – ұлттың ұяты олармен тәрбие осалсымауы керек

Ақтоғай орта мектебінде «Ана мен әке тәрбиесінің мектеп тәрбиесімен сабақтастығы» тақырыбында аудандық семинар өтті. Оған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ата-аналар, жасөспірім инспекторлары, аудандық емхананың акушер-гинекологі, нарколог-дәрігері қатысты.

Алағшқы болып сөз алған аудандық білім бөлімінің әдіскері Индира Нұрланқызы қыздардың ерте жастан жүктілігі мен тұрмыс құруы, ер балалар арасындағы құқық бұзушылықтар, жат ағымның жетегінде кету сынды мәселелерге тоқталды.

О.Шонаев атындағы орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Қамиева «Бес құндылық» тренингінен соң бейнекөрсетілім көрсетті.

Ақтоғай орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Сүндетова «Өскелең ұрпақты құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың және діни экстремизм, терроризм идеологиясынан сақтандыру жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

АПБ-нің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты А.Сапарғалиева түнгі уақытта рейдке шыққанда жасөспірім балаларды жиі байқайтынын, қашанда ата-ана өз баласын қатаң қадалауы тиістігін еске салды.

Толығырақ газетімізден оқи аласыздар 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521