ads_hero

Тараптар татуласып, іс тоқтатылды

Махамбет аудандық сотымен талап қоюшы Т-ның жауапкер А-мен қолхат бойынша 300 000 теңге берешегін өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы Т. сотқа берген талап арызында жауапкер А-мен 2019 жылғы 9 қыркүйегіндегі қолхат бойынша 300 000 теңге берешегін өндіруді сұраған болатын. Сот отырысында талап қоюшы Т. татуласу келісіміне келулеріне байланысты, 2019 жылғы 7 қазандағы татуласу келісімін бекітіп, іс жүргізуді тоқтатуды сұраған.

Жауапкер А. сот отырысында татуласу келісіміне келулеріне орай 7 қазан 2019 жылғы татуласу келісімін бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұрағаны анықталды. Оның шарты бойынша жауапкер А. 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін 300 000 теңгені талап қоюшы Т-ға қайтарып беруге міндеттенген-ді.

Талап қоюшы Т. қойған талабынан бас тартты. Сотпен аталған медиациялық келісім бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Өз тілшіміз

Сурет: дереккөз

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Cүйеуова Баян- бас редактор

Cүйеуова Баян
- "Жайық Шұғыласы" газетінің бас редакторы

Сапарова Балнұр

Сапарова Балнұр - бас редактордың орынбасары -жауапты хатшы

Сатаева Айнұр-ІІ снатты маман

Сатаева Айнұр
- ІІ санатты маман

Майбасова Кенжегүл-сайтқа жауапты редактор

Майбасова Кенжегүл
- сайтқа жауапты редактор

Қисина Гулфара-бет құрушы

Қисина Гулфара
- бет құрушы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

ads_hero