Сот саласында енгізілген жаңа технологиялар

Махамбет аудандық сотының судьясы А.Ергазиева соттардағы цифрлық технологияның мүмкіндіктерін таныстыру мақсатында аудандық Жастар орталығы ғимаратында жастармен кездесу өткізді.

Кездесуге үкіметтік емес ұйымдар, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мамандары, жастар қатысты. Семинар барысында кеңсе бас маманы А. Косымбаева «Сот саласындағы жаңа технологиялар» тақырыбына сөз сөйлеп, Қазақстан соттарында барлық сот сатыларына кез келген өтініштер мен арыздарды электрондық түрде қабылдауда онлайн сервисі белсенді қолданылып отырғанын атап өтті.

asem

Азаматтар мемлекеттік бажды онлайн режімінде төлей алады, әрі жедел түрде сот құжаттарын, сот талқылауларының электрондық хабарламаларын ала алады. Заңнама актілерінің жобаларында сот процестерінде электрондық технологияның кеңінен қолданылуы көзделіп отыр. Барлық осы шаралар сот төрелігінің халыққа түгел қолжетімді болуына бағытталған.

asem1

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының сот жүйесінде сот төрелігін орындауда жаңа ақпараттық-коммуникациалық технологияны кең көлемде қолдану бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде. Сот жүйесінде заманауи технологияларды енгізу және қолдану сот ісін жүргізуді жеңілдетеді, бюракраттық кедергіні төмендетеді.

Кездесу соңы сұрақ-жауапқа ұласты.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521