Шынайы қамқорлықты сезіндік

Көп балалы отбасыларына төленетін атаулы әлеуметтік көмек төңірегінде біраз түсініспеушілік туындағаны белгілі.

Түрлі себептерге байланысты нағыз көмекке мұқтаж жандар бұл тізімге ілінбей қалса, кейбір пысықайлар сәулетті сарайлары мен қымбат көліктерін жасырып қалып, мемлекет қазынасынасынан қарпып қалуға әрекеттенген. Тіпті кейбір санаттағы адамдар арасында масылдық пиғыл пайда болғаны да жасырын емес. Осындай олқы тұстарымызды заңмен реттеу мақсатында брифинг өткізген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нұрымбетов атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа механизмдері туралы айтты.Оның айтуынша, мемлекет көп балалаы отбасының еңбекке қабілетті адамдарына жұмысқа орналасуға, бизнеспен айналысуға көмектеседі.

Министрдің айтуынша, көп балалы отбасыларға қолдау көрсету республикалық бюджеттен мемлекеттік жәрдемақылар енгізу арқылы қамтамасыз етілетін болады. Бұл мемлекеттік жәрдемақы барлық көпбалалы отбасыларға (4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар), табысына қарамастан төленеді. Мемлекеттік жәрдемақы мөлшері бала санына қарай сараланады. Әр балаға орта есеппен 10-11 мың теңге және 2018 жылдан бастап тағайындалуы тоқтатылған осыған ұқсас жәрдемақы мөлшерінен 4-7 есе артық болады. «АӘК табысы аз отбасыларға, соның ішінде көпбалалы отбасыларға төленетін болады. Ең аз күнкөріс деңгейінің 70%-ын тағайындаудың шекті өлшемі қалады.

2020 жылға ең төменгі күнкөріс деңгейі 31 183 теңге мөлшерінде белгіленді. АӘК мөлшері, бұрынғыдай, отбасының әр мүшесі үшін орташа жан басына шаққандағы табыс пен отбасының әрбір мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 % арасындағы айырманы құрайды», – деді Нұрымбетов. Мұның өзі еліміз бойынша ауылдық жерлерде тұратын көп балалы аналардың тұрмыстық жағдайларын, өмір сапасын жақсартуға септігін тигізері сөзсіз.

Ш.Шонаева,

көп балалы ана

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521