«Шексіз әлемге» бастады

Соңғы кездері мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған түрлі шаралар, спорттық, би жарыстары, фестивальдар, компьютерлік сауаттылыққа оқыту курстары өтіп келеді.

Ерекше жандар күніне орай, Д.Төленов мектеп-гимназиясында "Ер жүректілер" клубы мүмкіндігі шектеулі жандарға «Шексіз әлем» атты компьютерлік сауаттылықты дамыту мақсатында шеберлік сыныбын өткізген еді.

g

Шеберлік сабағының өз деңгейінде өтуіне мектеп директоры Талшын Ғабитқызы, ІТ маман, информатика пәні мұғалімі Жылбек Ғазизұлы ықпал етті.

Ерекше жандардың компьютерлік сауаттылығын арттыруына, сабақтың ыңғайлы, талапқа сай өтуіне жағдай туғызған Д.Төленов мектеп-гимназиясы ұжымына алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

М.Куангереев,

клуб жетекшісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521