«Қауіпсіз жолдың» алдын алды

Ауданда өткізілген "Қауіпсіз жол" профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды.

Аудан көлемінде жол-көлік оқиғасының өсуіне байланысты жүргізушілердің көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында полиция департаменті бастығының бұйрығын негізге ала отырып, қазанның 21-27 аралығында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасын өткізу туралы №1701 санды бөлім бастығының 21 қазан 2019 жылғы бұйрығы шыққанды.

Іс-шараны өткізу туралы бұйрықты орындау мақсатында Махамбет ауданы полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесі мен жергілікті полиция қызметі бөлімшесі қызметкерлерімен бірлескен жұмыс жоспары жасақталып, бірқатар жұмыстар атқарылды.

Атап айтсақ, патрульдік полиция тобымен барлығы 9 қызметкер, 3 автокөлік жедел профилактикалық іс-шарасына жұмылдырылды. Жоспарға сай Атырау-Индер тасжолы, барлық ауылішілік тасжолдарда автокөліктер тексеріліп, құқық бұзған жүргізушілерге әкімшілік хаттамалар толтырылды. Жедел профилактикалық іс-шара өткізу кезінде жолда жүру ережесін бұзған 100 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Оның ішінде ӘҚБтК-нің 590 бабының 5 бөлігімен-9, ӘҚБтК-нің 590 бабының 10 бөлігімен-1, ӘҚБтК-нің бабының 606 бабының 1 бөлімімен-1, ӘҚБтК-нің 601 бабы-9, ӘҚБтК-нің 230 бабының 2 бөлігімен-3, ӘҚБтК-нің 591 бабы 1 бөлімімен-2, ӘҚБтК-нің 592 бабымен-33, ӘҚБтК-нің 593 бабы 2 бөлімімен-7, ӘҚБтК-нің 608 бабымен-1, ӘҚБтК-нің 615 бабы 1 бөлімімен-16, ӘҚБтК-нің 612 бабы 3 бөлімімен -14 хаттама толтырылып, әкімшілік құқық бұзған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Н.Жайшылықов, Махамбет АПБ Жергілікті

полиция қызметі бөлімшесінің

патрульдік полиция взводының қызмет инспекторы,

полиция кіші лейтенанты

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521