ads_hero

Қалқыған мұз үстінде қалып қойған атыраулық балықшы құтқарылды

Өзен бетінде жүзіп жүрген мұз кесегінің үстінде қалып қойған балықшы құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мұз үстінде қалып қойған атыраулық балықшыға Жайық өзені бойымен серуендеуге тура келді. Ол жағалауда мұзда балық аулап отырған. Сол кезде ол отырған мұз кесегі жағалаудан бөлініп, өзен ағысымен қалқып жүзіп кеткен. Бірақ балықшы қорықпаған. Куәгерлер құтқарушыларды шақырып, олар келіп жеткенше балықшы байбалам салмай, мұз үстінде қасқайып тұра берді. Құтқарушылар қайықпен өзен ортасына дейін жүзіп барып, оны жағалауға шығарды», - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

j

Еске сала кетейік, жұма күні Жайықтағы мұз опырылып бұзылды. Өйткені күн күрт жылынып, өзен бетіндегі мұз тым жұқарып кеткен.

Ал тұрғындар ескертуді тыңдамай, сонда да мұз үстімен жүріп, балық аулап, қауіп-қатерді ескермеген. Сондықтан қыстың күні мұзды мұзжарғышпен бұзуға тура келген.

Жарнама

antikorruptsiya

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Cүйеуова Баян- бас редактор

Cүйеуова Баян
- "Жайық Шұғыласы" газетінің бас редакторы

Сапарова Балнұр

Сапарова Балнұр - бас редактордың орынбасары -жауапты хатшы

Сатаева Айнұр-ІІ снатты маман

Сатаева Айнұр
- ІІ санатты маман

Майбасова Кенжегүл-сайтқа жауапты редактор

Майбасова Кенжегүл
- сайтқа жауапты редактор

Қисина Гулфара-бет құрушы

Қисина Гулфара
- бет құрушы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

ads_hero