Пайдасынан зияны көп пакеттер

Енді ауыл-аймақты түгел алып, әр жерде бір ұшып жататын полиэтилен пакеттерден арылатын күн жақын қалды. Bаd. кz ақпарат агенттігі Астана билігі қала тұрғындарын полиэтилен пакеттен бас тартуға шақырғанын жазғанды.

Астана қаласының әкімдігі тапсырысына сәйкес, елорданың табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы «Полиэтиленді пакеттен бас тарт!» экологиялық науқанын өткізген. Олар пакеттердің зиянды әсері туралы халық арасында насихат шарасын өткізіп, үндеу парақтарын таратқан. Жалпы пакеттердің ыдырау уақыты 100, 500-1000 жылға дейін созылады екен. Полиэтилен пакет пен пластмасса құтылар өртеген кезде адам ағзасына орасан зиян келетін улы газ бөлетін көрінеді. Химиялық зиянды заттарға сай қоршаған ортаға залалы орасан полиэтилен пакеттерді тиімді, ұқыпты пайдалану сіз бен бізге сын. Статистикаға сүйенсек, әр тұрғын жылына шамамен 300 пакет қолданатын болып шықты. Егер бір адам одан бас тартса, жылына 50 л мұнай үнемдер еді.

А.Қуанышқалиева.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521