Ортақ мүлікті бөлу туралы істе тараптар татуласты

Атырау облысының Махамбет аудандық сотымен талап қоюшы Т-ның жауапкер М-ға ортақ мүліктерді бөлу туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы Т. сотқа жолдаған талап арызында жауапкер М-мен некесі 1993 жылы қиылғанын, аталған некеден араларында кәмелетке толмаған екі баласы барын, алайда соттың шешімімен некесі бұзылғанын, заңды некеде болған кезде алған жауапкердің атағында тіркелген Махамбет ауданында үй мен маркасы УАЗ автокөлігі және 19 бас түйе малы барын, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөліп, оның бағасынан өзінің үлесін шығарып, тең дәрежеде өз үлесін бөліп беру жөнінде талаппен жүгінген.

Сот отырысында тараптар татуласу келісіміне келгендерін, ол бойынша жауапкер М талап қоюшы Т-ға ортақ тұрғын үйді өзара келісім бойынша 3 000 000 (үш миллион) теңгеге бағалауға келісіп, оның жарты бағасы 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгені 2019 жылдың 10 желтоқсанына дейін өтеуге, маркасы «УАЗ» автокөлігін 500 000 (бес жүз мың) теңгеге бағалап, оның жарты бөлігін 250 000 (екі жүз елу) мың теңгені 2019 жылдың 10 желтоқсанына дейін өтеуге, 19 бас түйе малының жарты бөлігі, яғни 9 бас түйе малдарын, соның ішінде 5 бас аналықты және 4 бас еркек тайлақтарын 2019 жылдың 20 қазанына дейін беруге міндеттенеді және жоғарыда аталған түйе малдарының дені саулығына кепілдік беретінін, М-ның меншігіне Махамбет ауданындағы үй және маркасы «УАЗ» автокөлігі қалдырылатынын, талап қоюшы ортақ мүліктерді бөлу туралы талабынан бас тартатынын баяндап, сотқа аталған келісімді ұсынып, оны бекітіп беру жайлы өтінішхат келтірген.

Талап қоюшы Т-ның жауапкер М-мен ортақ мүліктерді бөлу туралы талап қою арызы негізінде қозғалған азаматтық іс бойынша тараптардың арасында жасалған татуласу келісімі келесі шарттар бойынша бекітілді. Аталған азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521