Медиация тәртібімен татуласты

Махамбет аудандық сотының татуластырушы судьясы А.Ергазиевамен неке бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы сотқа талап арызбен жүгініп, онда жауапкер С-мен 2013 жылы некелескенін айтып, араларында кәмелетке толмаған 3 баланың бар екенін, мінездері келіспеуіне байланысты некені бұзуды сұрады. Сот отырысы кезінде тараптардан қазіргі кезде өзара татуласқандары, араларындағы отбасылық келіспеушілік мәселелерді медиация тәртібімен реттеуді, сот отырысын өздерінің қатысуынсыз қарауды сұрап, өтініш хат түсірген.

Сотпен аталған медиациялық келісім бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521