ads_hero

Махамбеттік азамат 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылып, 20 тәулікке қамалды

Жол-көлік оқиғасын жасап, 20 тәулікке қамалып, 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды.

Атырау облысының Махамбет аудандық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, 2020 жылғы 20 қаңтар күні 18 сағат 40 минут шамасында құқық бұзушы К.С. маркасы Lada көлік құралын Атырау-Орал тас жолының 24 шақырым тұсында алкогольдік масаң күйде басқарып, жолдың қарсы бағытына шығып, өз бағытымен келе жатырған маркасы «Лада-Ларгус» автокөлігіне соқтығысып, жол-көлік оқиғасын жасаған.

Нәтижесінде «Лада-Ларгус» автокөлігінде болған жолаушы Ж.А. «жеңіл» түрдегі дене жарақатын алған және материалдық зиян келтірілген. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігімен азамат К.С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында «TrueConf» байланысы арқылы түсінік берген К.С. кінәсін мойындап, жасаған құқық бұзушылық әрекетіне өкінетіндігін айтып, 2020 жылдың 16 наурыздағы дәрігердің анықтамасы негізінде құқық бұзушы К.С. дене жарақаттарының салдарынан төсек тартып ауырып жатырғаны көрсетілген.

Сот қаулысымен К.С. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК- нің 608-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыру әкімшілік жазасы тағайындалды.

Әкімшілік қамаққа алу мерзімі құқық бұзушы К.С.-ның науқастануына байланысты заңда белгіленген мерзімдерде орындалуы мүмкін болмаған мән-жайлар қалпына келтірілгеннен бастап есептелді.

Өз тілшіміз

Сурет: дереккөз

COVID 19

covid

Фотогалерея

Күнтізбе

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21