Халық игілігіне тиімді қадам

Бүгінгі күні егеменді елімізде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға жасалынып жатырған көмек-қолдаулардың бәріне тәнтіміз.

Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауын Алға орта мектебі ұжымы мен кәсіподақ ұйымы да тыңдап, ондағы берген тапсырмалардың орындалатындығына сенім білдірдік. Оның ішінде айта кетерлік жайт, халыққа қызмет көрсету мәселесін, жыл соңына дейін жұмыс жасайтын адамдардың зейнетақы қорында жиналған қорларының белгілі бір бөлігін өз қажетіне жұмсау жөніндегі тапсырмасы көңілімізден шықты.

Мысалы, оны үй алуға немесе балалардың оқу ақысын төлеуге жұмсауға болады дегені көкейге қонымды болды.

Сондықтан азаматтық қоғамға бәріміз жұмыла қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайтуға күш-жігерімізді салуымыз керек деп ойлаймын.

Құлахмет Таңатар,

Алға орта мектебінің бастауыш

кәсіподақ ұйымының төрағасы

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521