ads_hero

Досаев Президентке азаматтардың тұтыну кредиттері бойынша қарыздарын кешіру жайында есеп берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Ұлттық банк қызметінің және еліміздегі қаржы нарығының соңғы 9 айдағы жағдайы, инфляцияны нысаналы дәліз шеңберінде сақтау, экономиканы кредиттеудің сапалы өсуін қамтамасыз ету туралы баяндалды. Сонымен қатар жеңілдікпен несиелеу бағдарламаларын іске асыру шаралары, екінші деңгейлі банктер активтерінің сапасын тәуелсіз бағалау жөнінде мәлімет берді.

Е. Досаев Мемлекет басшысының бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы жайына да тоқталды. Атап айтқанда, Ұлттық банк төрағасы Президенттің қиын жағдайға тап болған азаматтардың тұтыну кредиттері бойынша қарыздарын кешіру, айыппұлдар мен өсімпұлдарды қысқарту жөніндегі тапсырмасы бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы айтты. Президент Ұлттық банк төрағасына қаржы секторындағы жұмыстарды тиімді үйлестіруді тапсырды.

Tengrinews.kz

Сурет:дереккөз

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Cүйеуова Баян- бас редактор

Cүйеуова Баян
- "Жайық Шұғыласы" газетінің бас редакторы

Сапарова Балнұр

Сапарова Балнұр - бас редактордың орынбасары -жауапты хатшы

Сатаева Айнұр-ІІ снатты маман

Сатаева Айнұр
- ІІ санатты маман

Майбасова Кенжегүл-сайтқа жауапты редактор

Майбасова Кенжегүл
- сайтқа жауапты редактор

Қисина Гулфара-бет құрушы

Қисина Гулфара
- бет құрушы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

ads_hero