«Атырау-Орал» тасжолында тағы екі көлік соқтығысты

«Атырау-Орал» тасжолында жол- көлік оқиғасы болып, автомобиль жүргізушілерінің бірі жансақтау бөлімінде жатыр.

«Атырау-Орал» тасжолының Махамбет ауданы Талдыкөл ауылы аумағында «Лада-21214» және «Лада-Ларгус» маркалы екі жеңіл көлік соқтығысып қалған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Лада-21214» маркалы автокөліктің отыз жастағы жүргізушісінің жағдайы ауыр.

Ол Атырау облыстық ауруханасына жеткізілген. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Дәрігерлер оның өмірі үшін күресуде. 1968 жылы туған «Ларгус» көлігінің тізгіншісі, сондай-ақ төрт жолаушыға медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне қайтарылды.

Дереккөз:inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521