ads_hero

Атырау халықаралық әуежайына Хиуаз Доспанованың есімі берілді

Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Атырау халықаралық әуежайына аты аңызға айналған ұшқыш, Қазақстанның халық қаһарманы Хиауаз Доспанованың есімі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алты министрліктен рұқсат алдық. Әуежайға қазақтың батыр қызы Хиуаз Доспанованың есімін беру үшін республикалық ономастикалық комиссия ресми шешім қабылдады», - деп мәлім етті облыстық тілдерді дамыту басқармасы ономастика бөлімінің басшысы Жеміс Дияшева.

Хиуаз Қайырқызы Доспанова 1922 жылы 15 мамырда Атырау облысында дүниеге келген. Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, ұшқыш, штурман-атқыш, Халық қаһарманы. 1940 жылы Оралдағы №1 орта мектебін үздік бітірген. Ұшқыштық өмір жолын Орал аэроклубында бастап, кейін соғысқа аттанады. Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған. Хиуаз қызмет еткен полк Солтүстік Кавказ, Кубань, Қырым, Украина, Беларусь, Польша, Германия аспанындағы шайқастарға қатысқан. Қазақ қызы қан майданда 300-ден аса жауынгерлік операция орындап, аса маңызды жау шебін талқандайды. 2008 жылы 21 мамырда Алматы қаласында 86 жасында дүниеден озды.

COVID 19

covid

Фотогалерея

Күнтізбе

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21