Атаулы әлеуметтік көмектің маңызы зор

Келер жылдан бастап жаңа мемлекеттік жәрдемақы төленетін болды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі АӘК-ті берудің қолданыстағы жүйесін өзгертетін заң жобасын әзірлепті.

Бұл атаулы әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға ғана тағайындалуы тиіс. Отбасы мүшелеріне АӘК орта табысы мен кедейлік шегі арасындағы айырмашылық көлемінде төленеді. Жанұядағы еңбекке қабілетті мүшесі ұсынған жұмыстан бас тартса, ол және оның отбасындағы барлық мүшесі АӘК алу құқығынан айырылатын болады.

Бала күтімімен айналысатын анаға баласы 3 жасқа толғаннан кейін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу құқығы бары айтылған.

Жаңа өзгерістер 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Еңбек министрлігі ұсынып отырған тағы бір жаңашылдық- 1 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет. Егер тұрмысы төмен отбасы көпбалалы болса, табысына қарамастан мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

Әлеуметтік пакетке мектепке дейінгі жастағы балалар үшін тамақ, гигиеналық құралдар, білім беру қызметтерін қамтамасыз ету кіреді.

Ал мектеп оқушылары мемлекет есебінен білім ордасында тегін ыстық тамақ, тегін жол жүру, оқушы формасы мен оқу құрал-жабдықтарын беру көзделген. Осы өзгерістерге, соның ішінде атаулы әлеуметтік көмек көпбалалы отбасыға мемлекеттік жәрдемақы балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет үшін 2020 жылғы республикалық бюджеттен 320 млрд теңге республикалық бюджеттен қарастырылған.

С.Бозова,

көпбалалы ана

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521