Біздің Қапиз жүлдегер

Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен үш тілді жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл шебері - 2019» атты облыстық конкурс өткізілді.

Тіл мәдениетін көтеру, үштілділікті насихаттау, үш тілді жетік меңгерген жас мемлекеттік қызметшілерді анықтау және қолдау мақсатында өткен байқау үш кезеңнен тұрды.

Конкурсқа облыс бойынша 21-30 жас арасындағы 7 жас мемлекеттік қызметші қатысып, өзара бақтарын сынады. Аталған конкурсқа Махамбет ауданының намысын қорғап, Жалғансай ауылдық округінің жетекші маманы Лұқпанов Қапиз Әділбекұлы қатынасып, жүлделі 3 орынды жеңіп алып, арнайы диплом мен 50 мың теңгенің сертификатын иеленіп қайтты.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521