"Auyl LIFE" жеңімпаздары анықталды

2019 - Жастар жылына орай 12 шілде күнінен бастап "Auyl LIFE" атты жас таланттардың өнер фестивалінің қорытынды гала-концерті қазан айының 3 жұлдызы күні өтті.

Аталған өнер фестивалінің қорытынды концертінде жас мемлекеттік қызметшілер және аудандық "Өнерпаз" мәдениет үйінің өнерпаздары өз өнерлерін халыққа ұсынды.

a

a

"Auyl LIFE" атты жас таланттардың өнер фестиваліне белсенділік танытқан үшін аудан әкімінің атынан Сарайшық , Алға, Есбол, Ақтоғай, Жалғансай, Бейбарыс және Алмалы ауылдық округінің мәдениет үйлері «Алғыс хатпен»,ІІІ дәрежелі орынды Ақжайық ауылдық округі "Бақжайық" мәдениет үйі, ІІ дәрежелі орынды Махамбет ауылдық округі, Сарытоғай ауылы "Сарытоғай" мәдениет үйі, І дәрежелі орынды Бақсай ауылдық округі "Бақсай" мәдениет үйі дипломмен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

a

a

a

Аудандық полиция, орталық аурухана ұжымы және "Тұрақты көрермен" номинациясымен ауданымыздың зейнеткерлері: Төлегеновтер отбасы және Мұқанова Бәтимә Жақсылыққызына алғыс хат және естелік сыйлықтар ұсынылды. Қазылар алқасының шешімі бойынша талантты жастарды "Үздік" номинациясымен марапаттады.

ayyl6

a

Сонымен қатар барша ауылдық округтерге, бөлім, мекеме ұжымына алғыстарын білдірді.

А.Сатаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521