Атырауда ақын Нұрым Ерғалиевтың шығармашылық кеші өтті

Нұрым келді...

Дәл осындай атаумен күні кеше Атырау қалалық орталық кітапханасында ақын, журналист, «Қазақстан Журналистер Одағының» мүшесі, Тауман Амандосов атындағы сыйлықтың иегері, бірнеше кітаптардың авторы Нұрым Тельманұлы Ерғалиевпен шығармашылығын таныстыру мақсатында кездесу кеші болып өтті.

n

Алпыстың асқарына бір адым қалған ел ағасының өзін, өнерін құрметтеп әдеби, мәдени кеш ұйымдастыруды қолға алған өңірімізге белгілі журналист, ақын інісі Асантемір Қаршығаұлы еді. Студент жастар мен ағайдың үзеңгілес достары, алдынғы буын ағалары мен әріптестері жиналған басқосуда әсерлі ән де, мағыналы әңгіме де айтылды, әдемі өлең шумақтары да оқылды.

Қазақстанның құрметті журналисі, ақын Төлеген Жаңабаев, Махамбет атындағы сыйлықтың иегері, ақын Қойшығұл Жылқышиев сынды белгілі қаламгерлер ағайдың ақындық тұлғасына,позициясына оң бағасын берсе, әріптестері мен достары азаматтығын, мәрттігін айтып мақтады.

n

Сонымен қатар кеш қонақтары халықаралық қазақ тілі қоғамы Атырау облыстық филиалының төрағасы Ә.Төлеуішов, «Атырау» газетінің бас редакторы И.Балмағамбетов, "Атырау-Ақпарат" ЖШС директорының орынбасары Ы.Егембердиев, ақын, «Атырау» газетінің мәдениет, білім,денсаулық бөлімінің меңгерушісі Г.Ниетқалиева, ақын Г.Сүйекеновалар да болды. Кеште мәңгілік махаббат, достық туралы өлеңдермен қатар «Қарындасқа», «Сүйген жарға» арналған жыр шумақтарын да оқырмандар нақышына келтіре оқып, ақынның шығармашылығымен жіті таныстырды.

n

Кеш барысында саналы ғұмырының 16 жылын арнаған қара шаңырағы «Жайық шұғыласы» газетінің ұжымы атынан біз де ақылшы ағамызға, ұстазымызға ақжарма тілегімізді білдіріп, естелік сыйлығымызды табыс еттік.

А.САТАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521