ads_hero

АТЫРАУ ЖАСТАРЫ 362 ӘУЛИЕНІҢ ЕЛІНДЕ

Маңғыстау өңірі – жерінің асты қазынаға, үсті аңызға толы, 362 әулиеге мекен болған қасиетті өлке.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Атырау облысы Қазақтан халқы Ассамблеясы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы «Маңғыстаудың киелі жерлеріне саяхат» туристік-өлкетану экспедициясын ұйымдастырды. Мақсат - ата-бабадан қалған рухани орындарды, тарихи жерлерді, жер асты мешіттерін аралау.

m

Сонымен, 14 пен 29 жас аралығындағы жастар маңғаз өлкеге саяхатқа аттанды. Маңғыстау вокзалынан біздерді «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының Ақтау қаласындағы өкілдері құшақ жая қарсы алды. Қонақ үйге орналасып, ауқаттанып алып бірден жолға шықтық. Нұршат есімді «Маңғыстау облыстық тарихи музейдің» жол бастаушысы өлкенің тарихын, жер асты мешіттері жайында айтып, соңғы жаңалықтармен де бөлісті. Жалпы Маңғышлақта бес жерасты мешіті бар. Олар: Шопан ата, Бекет ата, Шақпақ ата, Сұлтан епе және Қараман ата мешіттері.

b

s

Экспедиция зиярат етуді Шақпақ ата жер асты мешітінен бастады. Ел аузында сақталған аңызға қарағанда, Шақпақ ата мұсылманшылықты терең меңгерген, өзінің жерасты мешітінде шәкірт тәрбиелеп, бала оқытқан әулие адам болған. Шақпақ ата аталуының себебі, ол кісі тырнақтарын бір-біріне жанастырғанда, арасынан от шығатын болған. Адамдар сол жерге өз қайғы-қасіретіне ем табу үшін үміт артып келеді екен. Шақпақ ата жер асты мешіті тау борлы жартаста салынған. Мешітке кірсеңіз, даладағы қапырық ыстықты лезде ұмытасыз. Мұнда температура бірқалыпты. Ауасы саф таза, тып-тыныш жайлы жер.

aylie

Шақпақ ата Қожа Ахмет Яссауидің ізбасары, 362 әулиенің бірі болған деседі. Жартастағы мешітке кіру есігінің екі жағында, үңгір-жерлеу орындары соғылып жасалыпты. Болжам бойынша, онда Шақпақ атаның шәкірттері мен оның жақын адамдары жерленген. Ержан Хазірет секілді дін жолындағы белгілі тұлға жерленген, жергілікті халықтардың да ата-бабалары жатқан қорым.

erjankaziret

Ертеңіне Бекет ата жерленген Оғланды тауын бетке алып, жолға шықтық. Алдымен Бекет атамызға аян беріп, жол бастаған Шопан атаның мазаратына соғып, дұға бағыштадық. Бұл жерде Шопан атаның жары, қызы және қайын атасы Баян баба жерленген. Шопан ата тарихи кешені де бірнеше бөліктерден тұрады: жер асты мешіті, мазарат, құдық, түнеухана, асхана, жаңа замандық мешіт және шырақшы үйі. Шопан Ата мазаратында 3 мыңға жуық қабірүсті есткерткіштері топталған.

shakpaqata4

Шопан ата мазараты мен жер асты мешіттерін тамашалап, Бекет атаға жол тарттық. Тамаша табиғатқа көз тастай отырып, Оғланды тауына да келіп жеттік. Алдымен Оғланды Баба мазаратына құран бағыштап, сосын Бекет Ата кешеніне табан тіредік. Бекет ата Мырзағұлұлы тарихи кешеніне зиярат етіп келіп жатқан зияратшылар мен туристердің санына көз сүрінеді. Еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін барлығы да осында. Түскі асқа барша жамағат болып жиналып, құран бағыштадық.

a

Мешіт табиғаты көркем Оғланды жеріндегі ақ-бор тасты тау шатқалының терең орта қабатынан ойып жасалған. Таудың биік басынан төмендегі мешітке дейінгі аралық 2 шақырымға жуық жол. Жоғарыдан төмен қарай ылдилап, тасты төсеніштермен арнайы жасалған жолмен, әсем табиғатқа таңданып жүріп жер асты мешітіне қалай жеткенімізді де білмей қалдық. Жолымызда арқар жануары да кезікті.

enlik

b

shopan-ata-2

Таудың шатқалынан ойып жасалған мешіт құрылысы төрт бөлмеден тұрады, төргі бөлмеде қасиетті сырық ағашы бар. Оған да зияратшылар келіп, айналып тәу етеді. Бекет Атаның мүрдесі осы мешітте жерленген. Ескерткiш кiре берiс дәлiзден, дұға оқитын залдан, тұрғын бөлмеден, қабiрханадан тұрады. Ортаңғы бөлменiң төбесiнде жарық түсу үшiн жасалған саңылау бар. Саңылауды арқардың мүйіздері жапқан. Мешіт ішінде қыздарға арналған жеке орындар да бар. Оған бала көтере алмай жүрген әйелдер кіріп, тағзым етіп, сауап тілейді екен. Екі күнге созылған экспедиция өз мәресіне жетіп, қатысушылар керемет көңіл күйде, рухани азық жинап елге оралды.

s

tabigat

tabigat3

Қазбек Айтқалиев,

«Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшесі

Сурет:автордікі

Кенжегул

ads_hero