50 отбасыға көмек берді

Қайырымдылық-қазақтың қанына сіңген қасиет.

«Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Махамбетке келіп, «Исатай-Махамбет» мешітінде қамқорлықты қажет ететін 50 отбасына азық-түлік кәрзеңкесін өз қолымен тапсырды.

i

Елу отбасының ішіне қамқорлыққа зәру аз қамтылған, көпбалалы, жалғызілікті, мүгедек баласы бар жанұялар кірді. Азық-түлік кәрзеңкесінде астық, шай, секер, күріш, макарон өнімдері, сұйық май т.б азық-түлік бар.

i

Қайырымдылық акциясына Таңдай, Сарытоғай, Ортақшыл ауылдарымен қатар «Лесхоз» ықшам ауданының тұрғындары қатысты. Жалпы «Иманғали» мешіті 100 адамға азық-түлік пакетін таратуды көздеген-ді. Оның 50-і Индер ауданындағы Жарсуат елді мекеніндегі тұрғындарға таратылған екен. «Иманғали» мешітінің бас имамы А.Ұтысханұлы қасиетті Мәуліт айының құрметіне өтіп жатқанын, бұл шара адамзатты ізгілікке үндейтін бағдаршам іспетті, қайырымдылықтың екі қыры барын, оның бірі-рухани-экономикалық, екіншісі іс-тәжірибе, іс жүзінде нақты көмек беруге ұмтылу екенін айтты.

imangali33

«Біз осындай ізгі шаралар арқылы қоғамды жақсылық, парасаттылық, имандылық, ізгілік жолында бірігуге үндеуіміз керек. Қайырымдылық тек Мәуліт айында ғана емес, әр айда ұйымдастырып отырса, артық етпес еді» деді ол өз сөзінде.

i

Ауыл халқы да алғыстарын жаудырып жатыр. «Исатай-Махамбет» мешітінің бас имамы Е.Иманғалиев та шынайы ризашылығын білдірді.

А.Текебай

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521