ads_hero

Жылжымалы пойыз облыстың 6586 тұрғынын қарады

"Медициналық пойыз" жобасы бір жылдан астам уақыттан бері елді аралауда.

Пойыз Атырау облысының 12 шалғай станциясы бойынша жұмысын аяқтады. Дәрігерлер екі аптаның ішінде облыстың 6586 тұрғынын қарап, қажетті медициналық көмек көрсетті.

Дәрігерлердің білікті медициналық құрамы бар мұндай жылжымалы кешен облыстан облысты аралап, ересектер мен балалар арасында ауыр созылмалы ауруларды анықтауда. Сонымен, Атырау облысы бойынша дәрігерлер жұмысының статистикасы келесідей: барлығы дәрігерлер тобы 2482 науқасты қабылдады, оның ішінде 652 бала.

Пойызда 870 астам шағын хирургиялық ота жасалды, 219 ФГДС процедурасы, 1058 УДЗ (УЗИ) және 509 флюорография жасалды. Атырау облысында науқастар ең көп барған маман терапевт болды - оған 1051 адам жүгінді және тіс дәрігері, ол 900 науқас қабылдап, оларға медициналық көмек көрсетті.

"Ең жиі кездесетін жүрек-қан тамырлары ауруларының ішінде келесілерін атап өткен жөн: бірінші орында – артериалды гипертония, екінші орында – жүректің ишемиялық ауруы, үшінші орында - жүрекше фибрилляциясымен жүрек ырғағының бұзылуы" ,- деп атап өтті кардиолог Замира Юлдашева.

Пойыздың терапевті Әлия Заитова да өз бақылауларымен бөлісті.

"Барлық дерлік балаларда терең кариес, созылмалы тонзиллит, бронхит бар. Ең көбі суық тиген, бірнеше жыл бойы іш ауруы бар пациенттер тексеруге келді. Өз балаларын ешқашан тұрғылықты мекен-жайы бойынша медициналық тексерістен өткізбеген, ешқашан дәрігерлерге көмекке бармаған ата-аналар да келген жағдайлар болды",- дейді дәрігер.

Сондай-ақ, облыс тұрғындарын тексеру барысында диагноз қойылғаннан кейін өзін-өзі дұрыс емес емдеудің нәтижесінде туберкулез аурулары да тіркелді.

Естеріңізге сала кетсек, «Медициналық пойыз» жоба 29 сәуірден бастап жүзеге асырылып келеді және оның басты мақсаты еліміздің шалғай аудан тұрғындарын тегін медициналық қызметпен қамту.

2019 жылдың 20 тамызында қосымша «Жәрдем» мамандандырылған медициналық пойызы іске қосылған болатын. Ол «Денсаулық» пойызымен бірге медициналық көмекке қолы жетпейтін шалғайдағы станциялар мен жақын орналасқан ауылдардың тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық және консультативтік-диагностикалық көмек көрсетеді. Бүгінгі күні «Жәрдем» пойызы Қызылорда облысының тұрғындарына медициналық көмек көрсетіп жатыр. Осы күнге дейін екі пойызбен 30 820 тұрғын қаралды, оның ішінде 6294 бала.

Пойыздар неміс және жапон өндірісінің алдыңғы қатарлы фирмаларының заманауи диагностикалық құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Аппаратуралар пациенттерге қажет болған жағдайда толық жалпы және биохимиялық талдаулар жасауға, ренгенография және флюорографиядан өтуге, ішкі органдарға және қан тамырларына УДЗ-зерттеулер жүргізуге, электрокардиограмма, гастрофиброскопия жасауға және басқа да диагностикалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.

BAQ.KZ

Сурет: ашық дереккөз

Кенжегул

ads_hero