Тұңғыш Президент күніне арналды

«Нұршуақ» бөбекжайының ортаңғы «Жұлдыз» тобының тәрбиешісі Г.Зейнованың ұйымдастыруымен «Елін сүйген -Елбасы» мерекелік ертеңгілігі өтті.

Бұл шара жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту мақсатында өткізілді. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға, ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев, қазіргі президентіміз Қ.Тоқаев туралы толық мәліметтер беріп, мемлекеттік рәміздер туралы әңгіме жүргізілді.

Бүлдіршіндеріміз өз өнерлерін ортаға салып, Отан, туған жер туралы өлеңдер оқып, билерін биледі.

Балаларымызға тәрбие беруде «Жұлдыз» тобының тәрбиешілері Г.Зейнова, С.Қонысоваларға алғысым шексіз.

А.Құмарова,

«Нұршуақ» бөбекжайының би жетекшісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521