«Жусан» операциясымен елге оралған әйел өз оқиғасымен бөлісті (видео)

Жастар арасында діни сауатсыздықтың алдын алу, оларды теріс діни ағымдардың шырмауына түсіп қалудан сақтандыру бағытында облыс аумағында құрылған ақпараттық топтар аудандарды аралап, жүйелі түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.

jysan0702205

Осы мақсатта бүгін облыстық ақпараттық топ өкілдері аудандық «Өнерпаз» мәдениет үйінде мектеп оқушыларымен кездесті. Ақпараттық топ өкілі Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологі Ернар Абзалұлы Таяу Шығыс мемлекетінде орын алып жатырған соғыстың шығу себебі мен жалған сенімнің жетегіне еріп кеткен азаматтарымызды елге қайтару жұмыстары туралы әңгімелеп берді.

jysan0702202

Сонымен қатар, кездесуде Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Жусан» гуманитарлық операциясы арқылы елге оралғандардың бірі Перизат Жақсылыққызы өзінің діни сауатсыздығының салдарынан Отанын тастап, оқ пен оттың алаңынан табылғанына өкінішін білдіріп, басынан өткен қиыншылықтары жайлы баяндады.

Б.Сапарова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521