Тазалық табалдырықтан басталады

Қазақта «Тазалық-табалдырықтан басталады» деген бар.

Тазалық айлығы басталғаннан бері апта сайын аудандағы барлық мекеме-ұйымдар сенбілікке шығып, бөлінген аймақтарды күл-қоқыстан тазартады. Өткен сенбі күні де 67 ұжым, 265 адам, 5 техника қатысқан үлкен сенбілік болды.

senbilik1

Сенбілікке қатысқан ұжымдар Жайық жағалауын да күл-қоқыстан тазартты. Жайық жағасын алып жатқан бос бөтелке, пластик құтылар, қалбыр, басқа да тұрмыстық қалдықтардан тазартып, өртеді. Қалған қалдықтарды арнаулы техникаларға тиеді.

s

Махамбет ауылдық округінен алынған мәліметтерге сүйенсек, тазалық айлығы басталғаннан бері 85 т қоқыс шығарылып, 18800 куб метр алаң, 5 құдық, 5 лас қоқыстар төгетін шұңқырлар тазартылған.

senbilik4

senbilik2

Махамбетте 2139 үй болса, оның ішінде 18 үй, ғимарат ақталған. Бес әжетхана тазартылып, залалсыздандырылған. 3000 м су құбырлары жөнделген. Сонымен қатар 173 ит пен 10 мысықтың көзі жойылған.

А.Текебай

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521