ads_hero

Пітір садақасының сауабы зор

Қасиетті Рамазан айында берілетін пітір садақасының маңызы өте зор. Бұл жөнінде исламдағы дерек, тағылымдарын ақтаратын болсақ, оның маңыздылығы- ның жоғары екендігін байқаймыз. Биылғы жылы пітір садақа 300 теңге болып белгіленді.

Рамазан айында әр мұсылман баласы үшін пітір садақасын беру - әрбір мұсылман ер мен әйелге – уәжіп. Пітір садақасын беру Хижреттің екінші жылы Рамазан оразасы парыз етілген жылы мұсылмандарға міндеттелген екен. Пітір садақасы адамды қателіктерінен арылтады. Оны айт намазына дейін беру керек. Егер де пітір садақасы айт намазынан кейін берілсе, онда ол жай садақа есебінде белгіленеді.

Қасиетті Құранның Тәубе сүресінің 60-аятында: «Шын мәнінде садақалар (зекеттер), Алла тарапынан бір парыз. Қолы тар пақырларға, түгі жоқ міскіндерге. Оны жинауға белгіленгендерге, көңілдері алынатын (жаңа мұсылмандарға), құлды азат етуге, борыштыларға, Алла жолына және жолда қалғандарға беріледі. Алла әр нәрсені білуші, хикмет иесі» делінген.

Ардақты Пайғамбарымыз: «Ораза тұтқан адамның оразасының сауабы пітір садақа бергенге дейін толық болмас» деп ескерткен.

Риуаяттарда Хазірет Осман (р.а) өз заманында ұмытып кетіп, пітір садақасын бермегені туралы айтылады. Сонда: Біраз уақыт өткен соң есіне түсіп, пітір садақасының каффараты үшін деп бір құлды азат етеді. Оны естіген Пайғамбарымыз: «Ей, Осман, сен жүз құлды азат етсең де пітір садақасының сауабын таба алмайсың» деген екен.

Мінеки, әр мұсылман баласы пітір садақасын беру уәжібін орындап, қасиетті Рамазан айында пітір садақасын беруге асықса, Алла Тағала қадамына сауап жазары анық.

Сұлтан ҰЗАҚБАЙ,

«Исатай-Махамбет» мешітінің наиб имамы.

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Cүйеуова Баян- бас редактор

Cүйеуова Баян
- "Жайық Шұғыласы" газетінің бас редакторы

Сапарова Балнұр

Сапарова Балнұр - бас редактордың орынбасары -жауапты хатшы

Сатаева Айнұр-ІІ снатты маман

Сатаева Айнұр
- ІІ санатты маман

Майбасова Кенжегүл-сайтқа жауапты редактор

Майбасова Кенжегүл
- сайтқа жауапты редактор

Қисина Гулфара-бет құрушы

Қисина Гулфара
- бет құрушы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

ads_hero