ads_hero

Облыс әкімі Н.Ноғаев үздік болып танылған Тілекқабыловтар отбасын қабылдады

Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев «Мерейлі отбасы-2019» дәстүрлі ұлттық байқауының қорытындысымен Қазақстанда үздік болып танылған Тілекқабыловтар отбасын қабылдады.

Өңір басшысы оларды үлкен жетістігімен және лайықты марапатымен құттықтап, адамның адамгершілік қасиеті отбасында қалыптасатынын атап өтті. Отбасылық құндылықтарды нығайту қажет екенін Елбасы да басып айтқан болатын. Отбасының арқасында мемлекет нығайып, дамиды, халықтың әл-ауқаты өседі.

- Мемлекетіміз көпбалалы отбасыларына, жас буынды тәрбиелеуге зор көңіл бөліп отыр. Балаларыңызды тәрбиелеп, білім беруді мақсат қылған сіздер де осыған өз үлестеріңізді қосып отырсыздар,- деді Нұрлан Ноғаев.

- Сегіз бала өскен үлкен отбасымызда ата-анамыз біздерді, кейін немерелерін туғаныңды жақсы көріп, қамқорлаңдар, үлкенді сыйлаңдар, отбасылық құндылықтарды ұстаныңдар деп үйреткен еді. Бұл жеңіс бізге үлкен жауапкершілік жүктейді, басқаларға үлгі болуымыз керек,-дейді үлгілі отбасының отағасы Асхат Тілекқабыл.

Елімізде үздік болып танылған отбасылық жұптың саналы өмірі мектеппен байланысты. Асхат Төлешұлы Индер ауданының Есбол ауылында мектеп директоры болып қызмет етсе, жұбайы Нарни Абдоллақызы осы мектепте ағылшын тілінен сабақ береді. Екі ұл, үш қыз тәрбиелеп өсірген олардың отбасылық бақытының негізі – өзара сыйластық, түсіністік, бірін-бірі қолдауы.

3

Лайықты ұрпақ тәрбиелеп, тату-тәтті, жарасымды өмірімен көпбалалы отбасының мәртебесін көтеруге өзіндік үлесін қосып отырған Тілекқабыловтар отбасына облыс әкімі ризашылығын білдіріп, оларға бақ-береке тіледі.

Еске сала кетейік,«Мерейлі отбасы-2019» ұлттық байқауының өңірлік кезеңіне 108 отбасы қатысқан еді. Іріктеу нәтижесінде республикалық байқаудың финалдық кезеңіне тек екі отбасы өтті – Индер ауданынан Тілекқабыловтар және Құрманғазы ауданынан Бақтыгереевтер.

9

«Мерейлі отбасы-2019» ұлттық байқауының алтыжылдық тарихында оған барлығы 15 197 отбасы қатысты. Бұған дейін байқауларда жеңіске қол жеткізгендер - Оңтүстік Қазақстан (қазір-Түркістан), Маңғыстау, Ақтөбе, Карағанды, Жамбыл облыстарының өкілдері.

Өңірлік коммуникациялар

қызметі

Сурет:ӨКҚ

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Cүйеуова Баян- бас редактор

Cүйеуова Баян
- "Жайық Шұғыласы" газетінің бас редакторы

Сапарова Балнұр

Сапарова Балнұр - бас редактордың орынбасары -жауапты хатшы

Сатаева Айнұр-ІІ снатты маман

Сатаева Айнұр
- ІІ санатты маман

Майбасова Кенжегүл-сайтқа жауапты редактор

Майбасова Кенжегүл
- сайтқа жауапты редактор

Қисина Гулфара-бет құрушы

Қисина Гулфара
- бет құрушы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

ads_hero