Менің бастауым – менің ауылым

Қ.Қалыбеков атындағы орта мектеп базасында «Менің бастауым-менің ауылыма!» әлеуметтік аудандық жобалар байқауы ұйымдастырылды.

Оған қатысқан оқушылар өз ауылдарының тарихы туралы жобаларын сәтті қорғап шықты. Ауылды одан әрі көркейту бағытында ұсыныстарын жеткізді. Мысалы, Д.Төленов мектеп-гимназиясының оқушысы Алмаз Тасқалиев «Мал терісін өңдеу және одан сапалы өнім дайындау» жобасында несиемен инвесторлар тарту, мал терісін жинап, өңдеу, өнім өндіруді түрік ағайындардан оқып-үйрену, кәсіпорын салу мәселелерін ортаға салды. Еңбекшіл негізгі мектебінің оқушысы А.Айболатқызы Жайық өзенінің тазалығын қозғап, табиғи өнімдер қабылдайтын орын ашылса деген ойын қосты. Қосарал орта мектебінің оқушысы А.Жауынбаева сирень ағашын егу туралы ұсынысын білдірді.

Аудандық білім бөлімінің әдіскері И.Алмурзина байқауды қорытындылап, жүлдегерлері марапаттады. Жүлделі 1 орынды Қымбат Қайратова(Қызылүй) жеңіп алды. Жүлделі 2 орын А.Жауынбаева(Қосарал), А.Қуанышеваға(Еңбекшіл н/м) бұйырды. Жүлделі 3 орынға А.Тасқалиев(Д.Төленов м/г), «Жас тарихшылар» (Береке), Талдыкөл мектеп-балабақшасының «Болашақ» командалары ие болды. Қ.Қалыбеков атындағы орта мектептің «Мұрагер» командасы мен Ш.Сапарғалиева(Ақтоғай) «Алғыс хатқа» ілікті.

А.ТЕКЕБАЙ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521