Мемлекет меншігіне қайтарылуда

Махамбет ауданының әкімі мен аудандық жер қатынастары бөлімі Қазақстан Республикасының Жер кодексіне 2018 жылдың 4 мамырдағы №151 ҚР Заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша түсінік жұмыстарын жүргізу мақсатында Атырау облысы бойынша жер қатынастарын реттейтін уәкілетті органдары және прокуратура органдарымен бірлескен семинар-кеңесті аудан әкімі Жәрдемғали Бахуұлы кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырды.

Семинар-кеңестің күн тәртібіне сай «Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімінің 2017 жылы және 2018 жылдың өткен жеті айындағы атқарылған жұмыстары, сонымен қатар облыс әкімінің жерге қатысты тапсырмаларының орындалу барысы» жайлы бөлім басшысы Ғ.Мырзағалидың хабарламасы тыңдалды. Оның айтуынша, Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімімен 2017 жылы 308 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, 2018 жылдың 7 айында 198 мемлекеттік қызмет көрсетілген (2017ж. - 220). Соның ішінде: мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту – 12 (2017ж. – 9), жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту – 186 (174). Ауданда жер учаскелерін сату жөніндегі Қағидаға сәйкес конкурстық комиссия құрылып, жұмыс жасауда. Есепті мерзім ішінде ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 1 мәрте конкурс ұйымдастырылып, жердің жалға берілетіндігі туралы «Құлсары» апталық газетінде (28.02.2018ж.), Атырау облысы әкімдігінің ресми сайтында және аудандық жер қатынастары бөлімінің фейсбук парақшасына хабарлама жәрияланған. Конкурсқа барлығы 11 986,5 га құрайтын 49 жер телімі ұсынылды. 90 адам өтінім беріп, 44 тұлға жеңімпаз атанды. Оларға барлығы 10 560,5 гектар жер уақытша өтеулі 10 жыл мерзімімен табысталды.

2017 жылы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 2 мәрте конкурс ұйымдастырылып, оған 14911 гектарды құрайтын 68 жер учаскелері шығарылды. Нәтижесінде 56 қатынасушы конкурс жеңімпаздары болып танылып, оларға 11367,5 га жер 10 жыл мерзімге жалға берілді. Сауда-саттық (аукцион) 2018 жылдың 1 наурызында аудан әкімі аппаратының ғимаратында өткізілді. Аукционға барлығы жалпы көлемі 1,761 га 16 жер учаскесі ұсынылды. Өтінім берген 13 адам, қатысқаны 12, жеңімпаздар – 6. Конкурстар мен аукциондар туралы хабарламалар ашықтық пен қолжетімділік принципке сәйкес республикалық және жергілікті ақпарат құралдарында жарияланды. Жер заңнамасына түсінік беру, сондай-ақ жер қатынастарын реттеу саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтің көрсету сапасын жоғарылату және халық арасында насихаттау мақсатында аудандық «Жайық шұғыласы» газетіне 2017 жылы 10 мақала жәрияланды. Ал 2018 жылдың 7 айында 7 мақала жәрияланып, Қазақстан-Атырау телеарнасында 1 сұхбат берілді. Ауданның жалпы жер көлемі 961,7 мың гектарды құрайды. Оның 206 мың гектары – ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер. Махамбет ауданында барлығы 714 жер пайдаланушылар жер балансы бойынша есепте тұрса, оның күні бүгінге жерді өз мақсатында пайдаланбай жатқан, жалпы көлемі 49 736 гектар жерді иеленіп отырған 442 жер пайдаланушылар анықталды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында олардың жер аумақтарының көлемі көрсетілген тізімі жарияланды және әрқайсысына жазбаша ескерту берілді. Осы жұмыстың тиімділігін арттыру және түпкілікті мақсатқа жету үшін әлеуметтік желілерде де) жерді пайдаланылмай отырған азаматтардың тізімі жәрияланғаннан кейін еліміздің түпкір-түпкірінен (Астана, Алматы, Ақтау және басқа да қалалардан) қоңыраулар шалынып, қозғалу басталды, яғни 121 жер пайдаланушылардың 15 (3 202 га) жер пайдаланушылары жер учаскелерін өз еркімен қайтарылып, қалған 106 жер пайдаланушылары игеру жұмыстарын бастады. Сонымен қатар, Махамбет ауданы әкімдігі аудандық прокуратураға 29.03.2018 жылы ауыл шаруашылығы мақсатында алынған, алайда күні бүгін өз мақсатында пайдаланылмай отырған 321 жер учаскелерінің иелері туралы мәліметті ұсынып, тиісті шаралар қолдануды сұрап, хат жолдады. Әрмен қарай прокурор өз құзыреті шегінде заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсынымды Атырау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына енгізді.

Махамбет ауданы прокуратурасымен (13.04.2018 жылғы №2-0508-18-00219 санды хатымен) нысаналы мақсатына сай игерілмей отырған ауыл шаруашылығы мақсатында берілген 321 жер учаскелерінің тізімі Атырау облысы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына жолданды. ҚР Жер кодексіне 04.05.2018ж. және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне 24.05.2018ж. енгізілген өзгерістерге сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін ұтымсыз пайдалану немесе пайдаланбауына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау жергiлiктi атқарушы органдарының құзырына берілген. Осыған сәйкес, басқармамен қалған 129 жер учаскелердің тізімі кері қайтарылды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, әрмен қарай жетілдіріледі. Семинар-кеңесте сөз алған аудан прокуроры Н.Ешманов Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсінік беріп, сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ семинар-кеңестің күн тәртібі бойынша Атырау облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын қадағалау басқармасының басшысы Г.Құрманова жерді түгендеу, иелерін анықтау, олардан жерді мемлекет меншігіне қайтарып алу бағытында басқармамен жүргізілген жұмыстарға тоқталып, өзінің тәжірибесімен бөлісті. Семинар-кеңесті қорытындылаған аудан әкімі Жәрдемғали Бахуұлы заңдылыққа сәйкес бұдан былай Атырау облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын қадағалау басқармасының құзыреті жергілікті атқарушы органға беріліп отырғандығын ескертіп, соған байланысты ауылдық округ әкімдері аудандық жер қатынастары бөлімімен бірлесе жұмыс істеп, жерді түгендеу, зерделеу туралы тапсырма берді.

Н.ЕРҒАЛИЕВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521