ads_hero

"Мектепті бірден үш тілге көшіру мүмкін емес"

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі К.Н.Шамшиденова ауданымызда жұмыс сапарымен болып, білім саласының қызметкерлері және көп балалы аналармен кездесті. Ауданымызға ат басын тіреген Күләш Ноғатайқызы Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясында ұстаздар қауымымен жүздесіп, білім саласында енгізіліп жатқан соңғы өзгерістер туралы тарқата баяндады.

- Елімізде Елбасының тапсырмасымен 2008 жылдан бері қарай мұғалімдердің жалақысы біртіндеп көтеріліп келеді. Өткен жылдан бастап жаңартылған білім саласы бойынша сабақ беретін, өзінің біліктілігін аттестациядан өту кезінде дәлелдеген, еңбек өтілі жеткілікті ұстаздардың жалақысына да үстеме қосыла бастады. Мұның барлығы мемлекет тарапынан ұстаздарға көрсетіліп жатқан үлкен қолдау екенін мойындауымыз керек. Елбасы Н.Назарбаев «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде еліміздегі барлық ең төменгі жалақы алатын қызметкерлердің жалақысын 30 пайызға көтеру жөнінде тапсырма берді. Осы тапсырмаға орай білім саласы бойынша 500 мыңдай адам қамтылады деген жоспар бар. Оның ішінде аула сыпырушылар, еден жуушылар, сантехниктер т.б. техникалық қызметкерлерге басымдық беріледі. Осы съезде Елбасы тарапынан білім саласына енгізіліп жатқан өзгерістерді бір жүйеге келтіру керек деген ұсыныс айтылды. Бұл жерде үш мәселені айтуға болады.

Біріншісі – инфраструктура. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері елімізде 1672 мектеп салыныпты. 2019-2020-2021 жылдары тағы да 190 мектеп салынатын болады. Бұл орайда негізінен апаттық жағдайдағы және үш ауысымдық мектептерге көңіл бөлінеді.

Екіншісі – ұстаздардың кәсіби біліктілігі. 2012 жылдан бастап елімізде жаппай мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін арттыру бағытында жұмыстар жасалып келеді. Осы үш жылдың ішінде тағы 144 мың мектеп мұғалімдері курстан өтетін болады. Биыл бірінші рет 85 мың психологтер мен сынып жетекшілерін курстан өткізу жөнінде шешім қабылдадық.

Үшіншісі – үштілділік. Елде үлкен резонанс тудырған бұл жүйе біздің ұрпақ үшін керек. Өйткені, біз ақпараттар ағынының өте күшті заманында өмір сүріп отырмыз.

Мақаланың толық нұсқасы газетіміздің №11 14 наурыздағы санында

Super User

ads_hero