Махамбет сенде менен алыстама

Айналайын тұрғыны ауылымның,
Менде іні біреудің бауырымын.
Суға кетіп ауылым өкініштен,
Тимесін деймін жерге жауырының. 

Қарамастан қапшықтың ауырына,
Жаңбырына күнімнің дауылына.
Еңбек ету елі үшін  алып іс бұл,
Бұйырған алып елдің нар ұлына. 

Аянба сенде елдің қамы үшін,
Үйді салған ата-ана жаны үшін.
Ат салыс бауырлармен бірге жүріп,
Мәңгі елдің мәңгілік бағы үшін. 

Жайықтың суы келіп жарысса да,
Бізбенен күні-түні алысса да.
Махамбет менің сенен кетерім жоқ,
Сондықтан сенде менен алыстама.

Автор: Нияз Омархан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521