Махамбет ауданында азық-түлік бағасы бақылауда

Елімізде төтенше жағдай жарияланғалы бері тұрғындар тарапынан дүкендердегі азық-түліктің бағасы күрт қымбатсып кеткені туралы шағымдар жиі айтылуда.

Осыған орай аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы О.Мырзабаевқа «әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасына мониторинг жүргізіліп, бағаға бақылау жасалып отыр ма?» деген сауал тастаған болатынбыз.

Оның айтуынша, аудан басындағы азық-түлік дүкендерін ауыл шаруашылығы бөлімі, ал ауылдық округтердегі нысандарды округ мамандары аралап, мониторинг жасап отырған көрінеді.

-Күнделікті тұтынатын тауарлардың ішіндегі төменде көрсетілген тауарлар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізбесіне кіреді және оның бағасы қадағаланып мониторинг жүргізілуге жатқызылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 137 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі төмендегідей:

1.Бірінші сортты бидай ұны

2.Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді)

3.Рожки (өлшеніп салынатын)

4.Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)

5.Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)

6.Картоп

7.Асханалық сәбіз

8.Басты пияз

9.Ақ қауданды қырыққабат

10.Ақ қант – құмшекер

11.Күнбағыс майы

12.Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)

13.Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік)

14.Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада

15.Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада

16.Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)

17.Тауық жұмыртқасы (I санатты)

18.Ac тұзы ("Экстра" -дан басқа)

19.Сүзбе: майлылығы 5-9%

b

Осы тізбедегі әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын шектік бағадан асырып негізсіз көтерген кәсіпкерлерге және көтерме орталықтарына жауапкершілік көзделген, – дейді Олжас Нұртасұлы.

Б.СҮЙЕУОВА

Сурет:дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521